Адам ес білгеннен таңдауға туседі.
Әрбір сәтте өмір бізге таңдау беріп тұр.
Әрбір сәтіміздегі таңдау тағдырды құрады.
Өзін танымаған адам дұрыс таңдау жасамасы анық.Ой жуйесінің яғни нәпсісінің құрбаны болып шырғалаңға туседі.
Мен дегенмен, бәрін білем деген пайда болады.Мен деген сайын сынақта көбейе туседі.
Көп адамдар «маңдайыма жазды, болды» деп түрлі қиындыққа көз жұмып жүре береді. Яғни бұл- жауапкершіліктен қашу, мүмкіндікті құр жіберіп, өзін өзгергерткісі келмейтін, өзімен жұмыс жасауға ұмтылмайтын адамның ісі. Ондай адам сәтсіздіктерінің себебіне мың сан сылтау тауып, өзін ақтауға тырысады: «маған көз тиген шығар, мені көре алмайтындар сиқырмен дуалаған, я болмаса ана адамның кесірінен осындай болдым» деген сияқты. Сөйтіп өмірі бітпейтін бір ішкі жан дүниесінің күйзелісіне түседі. Солай-ақ болды делік. Ал жағдайдың екінші жағынан қарасақ, қасиетті Құран кәрімде: « ағаштың басындағы бір тал жапырақтың өзі Алланың рұхсатынсыз жерге түспейді» деген керемет сөз бар емес пе?! Яғни адамның өміріне біреу зиян жасаса, я кедергі келтірсе, демек, оған да бір себептің болғаны шығар?... Ғылымда да талай дәлелденген жағдай, бұл- тартылыс күшінің бар екендігі.
Адамның ажалға ғана шамасы келмейтін шығар, ал басқасының бәрін: жақсыны да, жаманды да өзі жасайды. Сондықтан да жолыңыз болмай жүр ме, я ауырып шипа іздеп жүрсіз бе, болмаса тығырыққа тіреліп, қиындықтан шыға алмай жүрсіз бе – бәрінің шешімі өз қолыңызда тұр. Тек бұл жерде «маңдайыма жазған» деп жалқаулықпен қашудың еш қажеті жоқ, қайта оны қабылдай біліп, себебін анықтап, шешімін табуға тырысыңыз.Кейде адамның тағдырында мүлдем өзгерте алмайтын жағдайлар болады. Оны адам улкен ерлікпен қабылдау керек.
РУХАНИ БАЙ,РУХАНИ БИІК АДАМ ОЛ ӘРБІР СӘТІНЕ ЕСЕП БЕРІП ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЙДЫ.ДҰРЫС ТАҢДАУ ДҰРЫС ТАҒДЫРҒА ЯҒНИ ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫНА АЛЫП КЕЛЕДІ.