ІЗДЕНУ
ҒЫЛЫМДЫ ТАНУ- ӨЗІМДІ ТАБУ
Бір күні түс көріп жатыр екенмін. Түсімде Қожа Ахмет Йассауидің кесенесінің алдында тұрмын... Содан, маған тірі адамнан жауап болмады, мүмкін, Әулие бабамыз жауап берер деп, балаларымды үлкен апама аманаттап, «жауап алмай қайтпаймын» деген оймен қасиетті өңірдегі Бабаға жол тарттым. Бір өзімнің сапарға аттанғаныма қарсы болып, жолдан інім пойызға отырды. Екеуміз Бабаның қасындағы қонақ үйге орналастық. Күнде таң атпай барып, Бабадан сұрағыма жауап сұрадым, жауап алмай қайтпайтынымды айттым. Күн суық, қараша айының ызғары бетімізді, қолымызды тілім-тілім етті, алайда, ешқайда кетпей сол жерде жата бердік. Ешкімнен ешқандай жауап та, белгі де жоқ, күндер өте берді. Айналамыздағы адамдар бізге таңырқап қарай бастады. Келгенімізге 21-ші күн дегенде барып,түс көрдім. Сол арқылы көп нәрсені түсіндім, дұрысы, түсіндіріп берді.
Қысқасы, менің үнді еліне баратынымды айтты. Ал, менің шет ел тұрмақ, өз еліме қайтуға қаражатым тапшы еді... Осылайша, бір сәуле журегіме тусіп кішкене болсада тусінік келіп еліме, балаларыма қайттым. Алланың қалауымен, көп ұзамай, шынымен де қайырымды, жақсы адамдардың көмегімен түсімде де көрмеген Индияға жол тарттым. Бір ай бойы емделдім, әрі демалдым. Сонда жүріп үлкен Ғұлама адамды кездестірдім. Ол басқа діннің адамы еді. Дегенмен де, ол кісімен сөйлесіп, өз жағдайымды айттым.
Сонда ол білікті адам маған қасиетті құран кітаптағы сөздерді тусіндіріп оны ғылыммен ұштастырып керемет ілім білім берді.
Ғұламаның айтқаны:
-Еліңе барған соң сендердің Пайғамбарларыңның с.ғ бірінші төртінші куні ораза тұт дегенін жаса,Аллаға сыйын, іздеп жүрген сұрақтарыңа жауап негізі өзіңде тұр. Терең тыныштыққа (медитация) кіріп, сол тыныштықта сұрағыңа жауап ізде. Барлығы өз бойыңда, ішкі жан дүнияңда”- деді. Мінезіңе мән бер, ой жүйеңе мән бер.
– Сен кімсің? – деді.
Осы айтқандарға үңіліп, жауап іздегенімде баяғы «аппақпын, кереметпін» деген Гүлдананың шынайы болмысы көріне бастады. Бұл өте ауыр кездесу болды. Екі Гүлдана: біріншісі – «мен түзу жүрмін, мен ақпын, мен Алланың жолында көп нәрсе жасап жүрмін» десе, екіншісі – сондай бола тұра, ойымда үнемі күмән, қорқыныш, «басқа адам не ойлайды?» деген ойлар. Өкпе-реніш, жалқаулық және тағы басқа көп екен.
Ішіме үңілгенімде, аппақ та, керемет те болмай шықтым. Ол жерде қоқыс көп екен. Не деген маска, не деген алдамшы өмір болған! Барлығы өзімізден екенін түсінгенде, ішімді өртеген от басылып бастады.
Міне, сол күннен бастап мен үшін алдымнан басқа әлем ашылды. Ғұлама айтқан «ішкі әлем». Қашан да адамды өсіретін білім ғой.Сол кезден бастап білімді одан сайын жан жақтан алып өмір заңын түсінуге тырыстым.
Білімнен нәр алып, өзім де жетіліп, шыңдалып, тәжірибе жинақтай бастадым. Ең бастысы, ӨЗІМДІ ТҮСІНДІМ. Өмірде ұстаздарым көп болды, соның ішінде шынайы өмірді түсінуге, өмірдің қыр-сырын және табиғат заңдылықтарын білуге үлкен ғұлама ұстазбен кездесуім себеп болды. Осылайша, 1996 жылдан басталған бітпейтін сұрақтарыма жауап өздігінен келе бастады. Халықпен жұмыс жасауым сонау 1996 жылдан басталса да, тылсым күшті шынайы түсініп, себебін біліп, жұмыс жасауым 2016 жылдан басталды. Маған бұл дүние тіршілігін кіттәй болса да тереңірек түсіну үшін 30 жыл қажет болды.
Мені терең түсінік пен үлкен білімге алып келген - басымнан өткен қиындықтар еді. Сондықтан да басымызға келіп жатқан сан түрлі сынақ пен қиыншылықтың астарын түсінсек, ол рухани игілікке, үлкен жақсылыққа алып келеді. Қараңғы түннен кейін міндетті түрде күн шығуы заңдылық емес пе?!