Табиғат заңдылығы
Жазылу

Не үшін білу қажет?

Адам жақсы,жаны тыныш өмір сүру үшін 
Рухани биіктеу қажет,ал Рухани биіктеу ушін әуелі өзін тану қажет,ал өзін тану ушін табиғат заңдылығын білу қажет. Жаны тыныш,жақсы өмір сүру деген ол ешқандай қиындық болмайды деген емес, ақ пен қара қатар жүру заңдылыққо, бұл дегеніміз қиындыққа төтеп беру,көтере білу, одан шыға білу.
Табиғат заңдылығы деген не? 
Мысалға айталық, егер адам Конституциядағы заңды бұзса, өтеуі ретінде бас бостандығынан айырылады немесе айыппұл төлейді. Ал, табиғат заңын бұзса, оның да өтемі бар: онда тағдыры бұзылады, ұрпағына кесірі тиеді, ауру сырқауға шалдығады,сан түрлі қиындықтарға тап болып шарасыз күй кешеді уайым- қайғыға туседі,жолы байланады.
Табиғат заңдылығы- адамның тікелей мінезімен, ойымен, көзқарасымен жəне іс- əрекетімен байланысты.
Яғни адам жақсы емес мінезімен табиғаттың заңдылығын бұзады екен. мінезің тағдырыңды құрады деген осы емес пе?
Адам еркіндікке салынып,мінезіне,құмарлығына,қалауына өте қатты ерік беріп жатады,ал ол табиғат,өмірдің заңдылығына сәйкес келема? Ойланып көрейік? 
ТАБИҒАТ ЗАҢЫН БІЛГЕН АДАМ ӨЗІН ТАНЫП БАСТАЙДЫ,ӨЗІН ТАНЫП БАСТАҒАН АДАМ РУХАНИ БИІКТЕЙДІ,АЛ АДАМ РУХАНИ БИІКТЕГЕН САЙЫН ОНЫҢ ҚОЛЫНАН КӨП НӘРСЕ КЕЛЕДІ.

Жазылу